"Ұлтаралық араздық тудырып отыр": балаларына азғындық жасалған ана тағы бір шағым түсірді

0
605

​Әйелдің айтуынша, БАҚ ұлтаралық араздық туралы жалған ақпарат таратқан.


ERNUR.KZ. Алматы қаласының тұрғыны екі баласына азғындық жасалғаннан кейін ұлтаралық араздықты тудыруға әрекет жасалғанын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Келіншек полицияға тағы бір арыз түсірді.
Бұған дейін екі баланың анасы бірнеше жасөспірімнің үстінен шағым жазған. Олар 9 және 5 жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасауға міндеттеген. Соның бәрін видеоға түсірген.
Енді, осы жағдайды біреулер ұлтаралық араздықты тудыруы үшін пайдаланғысы келіп отыр.
"Мен 12 тамызда 31 арна, Бірінші арна Еуразия мен Экспресс К-ға сұхбат бергенмін. Екі баланың зорлықтың құрбаны болғанын айттым. Иә, дәл солай, бірақ қазір баспасөзде ұлтаралық араздық туралы жалған ақпарат тарай бастады. Ол материалды алып тастап, кінәлі адамды жазалауды сұраймын. Біздің ісіміз бойынша тек еуропа нәсілді балалар жауапқа тартылып отыр. Басқа ұлттың өкілдері жоқ", - дейді Ирина.
Алматы полициясы ұлтаралық араздықты тудыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреулер екі баланың анасы берген сұхбатты және көршісінің видеосын пайдаланып, жалған ақпараттық хабарлама жасаған. Одан ұлтаралық жанжал шыққан.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру)бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Жалған ақпараттың авторлары таратушылары анықталады.
Осы қылмыс үшін 2 000-7 000 дейінгі айлық есептік көрсеткіш (6 360 000-9 540 000 теңге) мөлшеріндегі айыппұл не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.