Ұлттық банк: Ресейдің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстанға әсер етпейді

0
537

Ұлттық банктің барлық қажетті құралдары бар және оларды ақылға қонымды тәсілмен пайдаланады.


Ұлттық банк: Ресейдің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстанға әсер етпейді

ERNUR.KZ. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында Ресейдің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстанға әсер етпейтінін айтты, деп жазады baq.kz.

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк еркін өзгермелі бағамда инфляциялық таргеттеу режимін ұстануды жалғастыратынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің барлық қажетті құралдары бар және оларды ақылға қонымды тәсілмен пайдаланады.

Елдің жалпы халықаралық резервтері 25 ақпанда 87,7 млрд долларды құрады. Ай басынан бері өсім 346 млн доллар. Оның ішінде Ұлттық қордың активтері – 54,0 млрд доллар, алтын – валюта резервтері – 33,7 млрд доллар. Біз қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдер күшейген жағдайда валюталық интервенциялар жүргіземіз, – деді Ғалымжан Пірматов.

Оның атап өтуінше, ресейлік банктермен трансшекаралық операциялардың жұмыс жоспары дайындалды.

Қазақстандық банктердің клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдарын ел ішінде жүргізу бойынша барлық операциялары штаттық режимде жүзеге асырылады. SWIFT жүйесінен ажыратылған ресейлік банктердің клиенттерімен трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету үшін өзара есеп айырысуларды жүргізудің баламалы тетіктері әзірленді, – деді Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында.