Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде
фото ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Назарбаев университетінің студенті қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша үшінші курс студенті өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады Tengrinews.kz.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. "Назарбаев Университетінде" үшінші курста оқитын жігіттің қайтыс болу дерегіне қатысты, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады. Алдын ала мәлімет бойынша, студент өз өзіне қол жұмсаған, яғни криминалды ештеңе жоқ", - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.