Ан-2 (Ауызекі тілде "Кукурузник" деп айтылып жүр) — жеңіл ұшақ.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында Родина ауылының маңында Ан-2 ұшағы құлады, деп жазады sputniknews.kz.
"20 маусымда сағат 10:00 шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде химиялық өңдеу кезінде Ан-2 ұшағы құлады. Апат салдарынан ұшқыш қаза тапты, жарақат алып, күйіп қалған экипаждың қалған екі мүшесі ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады комитеттегілер.
Ұшақ апатының себебі анықталып жатыр.
"Ұшқыш оқиға орнында қаза болды. Оның кім екені анықталып жатыр", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісінен төтенше жағдайлар комитетінде.
Ан-2 (Ауызекі тілде "Кукурузник" деп айтылып жүр) — жеңіл ұшақ, ол жергілікті әуе желісінде жолаушы және жүк тасиды.