Ұстазыңызға алғыс айтуға шақырамыз

0
2 101

Акция ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып отыр және 6 қазанға дейін жалғасады.


Ұстазыңызға алғыс айтуға шақырамыз

сурет:www.astana-akshamy.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджіне шақырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

"Құрметті достар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігімен «Мен ұстазыма алғыс айтамын» атты челленджінің басталғандығын хабарлаймыз. Акцияға қатысу үшін желі қолданушылары мұғалімдеріне арнаған құттықтауларын фото немесе видеоға түсіріп, Instagram, Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріне #ұстаздаркүні #поздравьсвоегоучителя #деньучителя хэштегтерімен бірге жүктейді. Челленджге қатысып, эстафетаны достарыңызға таратуға шақырамыз", делінген парақшада.

Акция ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып отыр және 6 қазанға дейін жалғасады. Басты мақсат – ұстаздарға кәсіби мереке қарсаңында құрмет көрсету.