Үстемақы төлеу кезінде төрт лауазымды тұлға заңсыз әрекетке барған - Антикор

0
452

Агенттік денсаулық сақтау жүйесінде жемқорлыққа әсер ететін факторларды атады.


Үстемақы төлеу кезінде төрт лауазымды тұлға заңсыз әрекетке барған - Антикор

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, медицина қызметкерлерінің тапсырмаларын орындау кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Кеңесті ашқан Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Мемлекет басшысының коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі тапсырмасы бойынша ведомство жүргізген жұмыстың нәтижелерін ұсынды.

«Пандемиядан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, мемлекет карантиндік іс-шараларға жұмылдырылған денсаулық сақтау қызметкерлерін қаржылай қолдауға 179 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл қаражатты бөлу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жіті назарында», - деп атап өтті.

Агенттіктің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 4 өңірде медициналық үстемақы төлеу кезінде медициналық ұйымдардың лауазымды тұлғалары тарапынан (Шымкент қаласы, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстары) заңсыз іс-әрекет фактілері анықталды.

Кеңесте заңсыз төлемнің ең көп таралған қылмыстық схемалары және олардың құқықтық салдары айтылды.Сондай-ақ Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі жемқорлық көріністеріне ықпал ететін факторлар ұсынылды.