Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет отырысына қатыспақ

0
1 296

Бүгін министрлер мен өңір басшылары кеңейтілген жиын барысында былтырғы жылды қорытындылайды. Үкіметтің бұл отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатыспақ. Қазір Үкімет мүшелерінің бәрі Ақордаға жиылып жатыр. Кеңейтілген құрамдағы отырыстың басталуына әлі бір сағат бар.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет отырысына қатыспақ

фото: akorda.kz

24.KZ Бүгін министрлер мен өңір басшылары кеңейтілген жиын барысында былтырғы жылды қорытындылайды. Үкіметтің бұл отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатыспақ. Қазір Үкімет мүшелерінің бәрі Ақордаға жиылып жатыр. Кеңейтілген құрамдағы отырыстың басталуына әлі бір сағат бар. Министрлер, әкім-қаралар, қысқасы, ел тізгінін ұстағандар осы жерде. Былтыр атқарылған істер жөнінде Қазақстан Президентіне есеп беретін де осылар. Ішкі жалпы өнім былтыр 4 пайызды құрап, осылайша қарқын алды. Өсімнің 60 пайызы – шикізаттық емес сектордың есесі. Елбасының тапсырмасымен әлеуметтік жәрдемақылардың негізгі ставкалары өсті. Мәселен, зейнетақы 20, баланың тууына байланысты берілетін жәрдем ақша 27 пайызға артты. Өткен жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдадық. Оның шарапатын дүйім жұрт 2021 жылы толық көреді. Яғни еліміздің барлық елді мекендері кеңжолақты интернетке қол жеткізеді. Экономиканың сан саласы техникалық қаруланып, өндірісі өрге сүйреуі тиіс кәсіпорындар жаңарады. 2017 жылы еліміздің абыройы әлем аренасында біраз көтерілді. Сириядағы сергелдеңді шешуге бағытталған Астана процесі, Ислам және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарының самиттері, EXPO көрмесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі – мұның бәрі Қазақстанның жаһандағы рөлін айқындап бергендей. Сәуір айында жарияланған Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттық санамызды бір серпілткені және бар. Бұл – көңілді марқайтатын көрсеткіштердің бір парасы ғана. Бүгінгі жиынға қатысатын Нұрсұлтан Назарбаев ел келешегін айқындап, атқамінерлерге бірқатар тапсырма беруі ғажап емес. Өйткені жүйелі жоспар жетістікке жетелейтіні ақиқат.