Бұл ұсынысты жеке серіктес бастаған. Ол 3 жыл ішінде 15 мың шақырым жолға ақылы жүйені енгізу керектігін ұсынды. Жүйе 10 жыл пайдаланылады
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында алдағы жылдары тағы 15 мың шақырым жолды ақылы ету ұсынылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап
Үкімет отырысында Жеңіс Қасымбек еліміздегі «Жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолдарында (учаскелерінде) ақы төлеу жүйесін енгізу және пайдалану» Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы туралы баяндады. «Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша біз республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ақылы ету мәселесін пысықтап жатырмыз.», - деді ол.
Бұл ұсынысты жеке серіктес бастаған. Ол 3 жыл ішінде 15 мың шақырым жолға ақылы жүйені енгізу керектігін ұсынды. Жүйе 10 жыл пайдаланылады.
Министрдің айтуынша, 2 сәуірде жобаны бастау туралы хабарлама интернет-ресурстарда және баспасөзде жарияланған.Хабарлама шыққаннан кейін 60 күн ішінде әлеуетті жеткізушілер қызығушылық білдіріп, баламалы ұсыныстар берсе, жеке әріптесті таңдау конкурс арқылы жүзеге асырылады.