Енді дәрі-дәрмек пошта арқылы жеткізілетін болады

0
1 888

​Енді дәрілік заттар пошта арқылы жеткізілетін болады. Бұл жайлы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі кеңейтілген кеңесте Фармация Комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова өткен жылмен салыстырмалы түрде айтып берді деп хабарлайды Zakon.kz.


Енді дәрі-дәрмек пошта арқылы жеткізілетін болады

Енді дәрілік заттар пошта арқылы жеткізілетін болады. Бұл жайлы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі кеңейтілген кеңесте Фармация Комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова өткен жылмен салыстырмалы түрде айтып берді, - деп хабарлайды Zakon.kz.

"2019 жылы дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін комитет бірқатар міндеттердің тізбесі қайта қаралатын болады. АЛО деп аталатын жүйені жүзеге асыру мақсатында бюджетті қалыптастырудың 2019-2021 жылдарға арналған бірыңғай дистрибьютордың тізімі 2019 жылға жылғы маусымға дейін кешіктірілмей бекітілу керек", - деді комитет басшысы.

Сондай-ақ, аталмыш комитет "Қазпошта"АҚ арқылы дәрілік заттарды жол карта арқылы жеткізудің амалын ойластыру керектігін де атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы бойынша 2018 жылы ел халқын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық препараттарды сатып алу бойынша тендерлік комиссия құрамына өзгерістер өткен жылы енгізілген болатын.

Рәсімдердің ашықтықтығын қамтамасыз ету және тендерлік комиссия мүшелерінің төрағаға бағыныштылығын болдырмау мақсатында бірыңғай дистрибьютор құрылған болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Төрайымы болып Людмила Бюрабекова тағайындалған еді.

27 ақпан күні 150 млрд.теңгеге жеңілдікпен берілетін 1037 дәрі аталымының тізімі жасалды. Бұл медициналық орталықтардың 89% қажеттілігі.

Бірыңғай дистрибьюторлы тізім бойынша 2018 жылға 1192 медициналық тағайындауға арналған дәрілер болса оның әзірге қалғаны - 124.

Осыған байланысты Л.Бюрабекова ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтан өңірлік әкімдіктерге, медицина мекемелеріне өткен жылдағы сұраныстарды ескеріп, дәрі-дәрмекті тұтыну қажеттілігін 1 сәуірге дейін қайта қарауларын өтінді.