Әзірге зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар анықталған жоқ.
ERNUR.KZ. Бұдан бұрын Түркия ІІМ басшысы Истикляль көшесінде жарылғыш зат қалдырған әйел адам ұсталғанын мәлімдеген. ҚР Ыстанбұлдағы бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.
Әзірге зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар анықталған жоқ. Ыстанбұлдағы бас консулдық еліміздің азаматтарын сақ болуға және адам көп жиналған жерге көп бармауға шақырды.
"Ыстанбұлдағы ҚР бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдарымен және қала әкімдігімен байланыста", – делінген ҚР сыртқы істері министрлігінің ресми хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Ыстанбұлдың орталық көшелердің бірінде болған жарылыстан 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақаттанды.
Оқиға болған Истикляль көшесі жаяу жүргіншілерге арналған және туристердің ең танымал орындарының бірі. Көше толығымен жабылып, жақын маңдағы Таксим мешіті де жабылды.
Бұдан бұрын Түркия ІІМ басшысы Истикляль көшесінде жарылғыш зат қалдырған әйел адам ұсталғанын мәлімдеген.