Зейн Малик қарағандылық рэп орындаушы Айдын Закарияның әнін ұрлады деп айыпталды

0
2 529

21 қаңтарда One Direction тобының бұрынғы мүшесі Zayn жаңа Calamity әнін шығарды.


Зейн Малик қарағандылық рэп орындаушы Айдын Закарияның әнін ұрлады деп айыпталды

ERNUR.KZ. Желі пайдаланушылары британиялық әртіс Zayn (Зейн Малик) қазақстандық рэп орындаушы Масло черного тминаның (Айдын Закария) әнін ұрлады деп айыптады, деп жазады Tengrinews.kz.

21 қаңтарда One Direction тобының бұрынғы мүшесі Zayn жаңа Calamity әнін шығарды. Желі қолданушылары 2018 жылдың тамыз айында қазақстандық рэпер шығарған "Танцуй" композициясымен ұқсастығын бірден байқаған.

YouTube арнасында Масло черного тмина тыңдаушылары:

"Zayn-ның альбомындағы жаңа синглге өте ұқсас па қалай??? Calamity деп аталады".
"Шетелдік Zayn-ның Calamity туындысынан*** (ұрланған - Ескерт.) пародия. Тыңдадыңыз ба? Бірдей десе де болады?!"
"Мен бұл әнді көптен бері тыңдап жүрмін, Зейн Маликті де... сондықтан бұл ән ұрланған сияқты......"
"Достар, ZAYN-ның қазір жаңа альбомдағы Calamity әніне өте ұқсас!"
"Қызық, Зейн қазақтың әнін ұрлаған......", - деп пікір қалдырып жатыр.

"Танцуй" копмазициясы ресми сайттарда жоқ, бірақ әншінің Youtube арнасына жүктеліп, 1,6 миллионнан астам қаралым жинаған.

Zayn есімімен танымал Зейн Малик - британиялық әнші, модель және композитор. 2010 жылы Малик The X Factor шоуында жеке орындаушы ретінде бағын сынап көрген. Кейіннен One Direction тобына қабылданды. Ол 2015 жылы топтан шығып, жеке шығармашылығын бастады.

Қарағандылық Айдын Закария "Масло черного тмина" деген сахналық лақапатымен шығып жүр. Әншінің айтуынша, музыка оны "емдейді", сол себепті осы атты таңдаған. Ол ТМД-дағы ең құпия музыканттардың бірі: сұхбат бермейді, бұқаралық ақпарат құралдарына шықпайды және әлеуметтік желілерде белсенді емес.

Жақында қарағандылық рэпердің Harith атты жаңа шағын альбомы шықты.

Сондай-ақ Айдынның соңғы шыққан бірнеше клипін белгілі қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов түсірген .