Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып, бір адам көз жұмды

0
535

Тағы бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.


Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып, бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Атырауда Жайық өзенінің үстінде екі қайық соқтығысып, бір адам қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға бүгін, 20 қыркүйек сағат 07:00 шамасында болған.

«Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылының тұсында Жайық өзенінде екі қайық соқтығысты. Соның салдарынан 50 жастағы ер адам ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал, 1974 жылғы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Екі қайықты жүргізген 1992 және 1988 жылғы азаматтарда су көлігін басқаруға рұқсат қағазы бар болып шықты», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.