Жамбыл облысы коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

0
651

Т.Рысқұлов ауданында 150 орындық туберкулез ауруханасы жұқпалы аурулар ауруханасы болып қайта ашылды.


Жамбыл облысы коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесі әлемдік сарапшылар болжап отырған коронавирустық инфекцияның екінші толқынына деген дайындық шараларын жалғастыруда, деп жазады zakon.kz.

Тараз қалалық перзентхананың бос тұрған ғимараты инфекциялық аурухана ретінде қайта жабықталуда. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүруде. 200 төсектік аурухананы қыркүйек айының ортасына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Т.Рысқұлов ауданында 150 орындық туберкулез ауруханасы жұқпалы аурулар ауруханасы болып қайта ашылды.

Сондай-ақ, Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы облыстық мамандандырылған оңалту орталығының 150 төсегі, Байзақ аудандық ауруханасында 150 төсегі, Т.Рысқұлов ауданының туберкулез диспансерінде 150 төсегі, Шу қалалық ауруханасында 200 төсегі, Қордай аудандық ауруханасында 120 төсегі және басқа да аудандық орталық ауруханалардың 50 төсегі есебінен де төсек-орынар саны артып келеді. Жалпы төсек қоры 2530 төсекті құрайды десек, оның ішінде 253 реанимациялық төсек бар.

Қазіргі таңда облыстаы жеті зертханада тәулігіне 400-500 ПТР-тестілеу жүргізілуде. Пандемия басталғаннан бері 110 мыңнан астам сараптама жасалынған .

Облыстың медициналық ұйымдары 179 ӨЖЖ, 706 оттегі баллонымен, 542 оттегі концентраторымен, 1009 импульстік оксиметрмен, қышқыл-сілті жағдайын анықтауға арналған 14 аппаратпен, 19 сандық рентген, 10 КТ және 7 МРТ қондырғысымен жабдықталған.

Қосымша қажеттілікке байланысты ағымдағы жылдың қазан-желтоқсан айларына дейін бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен 74 ӨЖЖ аппаратын, жеті компьютерлік томографияны, төрт цифрлық рентген аппаратын, сегіз жылжымалы медициналық кешен, төрт оттегі станциясын, екі ЭКМО аппаратын, 61 жедел жәрдем автокөлігін және 100 көпфункционалды төсектер сатып алу жоспарлануда.

"Бірыңғай дистрибьютор стационарлық қамтамасыз ету шеңберінде облыстың медициналық ұйымдарына сомасы 4,3 миллиард теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізген. Оның 691,45 миллион теңгесі коронавирустық инфекцияның алдын алуға және емдеуге бағытталған. Қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша стационарларда бір айға жетерлік, амбулаторияларда екі айлық дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан", - деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Хамит Мырзақасымов.

Пациенттерді тексеруден туындайтын мәселелер бойынша аймақтық дәрігерлердің кеңес беру үшін өңірлік ситуациялық орталық құрылған десек, оның құрамына тар бейінді барлық мамандар енеді. Орталық жұмысы жедел жәрдем станциясының базасында ұйымдастырылған.

"Облыс бойынша 5000 және одан да көп адамға арналған 214 мобильді әмбебап бригада құрылды. Аудан, қала әкімдіктері оларды көлікпен қамтамасыз етуге қолдау танытты. Жалпы, 4340 медицина қызметкері пандемияға қарсы шараларды күшейту бойынша оқытудан өтті",- деп қорытындылады Х.Мырзақасымов.