Жамбыл облысында ер адам өз туысын таспен ұрып өлтірді

0
401

1995 жылы туған туыс інісі бұрын араларында болған араздықтарын шешу үшін келіп, ұрыс көтерген.


Жамбыл облысында ер адам өз туысын таспен ұрып өлтірді

26 жастағы ер адам өз туысын таспен ұрып өлтірген. Отбасылық қайғылы оқиға Жамбыл облысының Талас ауданында орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талас аудандық полиция бөліміне Қаратау қаласының тұрғыны қоңырау шалып, үйдің ауласында өз күйеуі мен оның туысының төбелесіп жатқанын хабарлаған. Аталмыш жәйттегі ер адам ауыр жарақат алып, аудандық ауруханада көз жұмған. Полицейлер “Кісі өлтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдіктіні “ізін суытпай” ұстады.

"Жәбірленушінің мекенжайына оның 1995 жылы туған туыс інісі бұрын араларында болған араздықтарын шешу үшін келіп, ұрыс көтерген. Нәтижесінде араларындағы дау төбелеске айналып, төбелес барысында күдікті таспен қаруланып, жәбірленушінің басына өлімге алып келген бірнеше ауыр соққылар жасап, оқиға болған жерден бой тасалаған", – деді Жамбыл облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Әбсамат Бекмұхамбетов.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті алкоголь мен каннабиноидтардың әсерінен мас күйде болған. Ол өз қылмысын толық мойындады. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.