Жамбыл облысында өртті төрт тәулік бойы сөндіріп жатыр

0
918

​Өртті ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 200-ден астам қызметкері мен 50-ден астам техника жұмылдырылған.


Жамбыл облысында өртті төрт тәулік бойы сөндіріп жатыр

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Қарабөгет ауылынан елу шақырым жерде осымен төртінші тәулік бойы табиғи өрт болып жатыр. Отқа оранған аумақ 34 мың гектар шамасында деген алдын ала болжам жасалып отыр, деп жазады sputniknews.kz.

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі өрт 18 шілде күні басталғанын хабарлады. Құрғақ шөп пен сексеуіл өртенген.



Өртті ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 200-ден астам қызметкері мен 50-ден астам техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, МИ-2 тікұшағы қолданылып жатыр.


"21 шілде күні түнде отқа оранған аумақ 34 мың гектар болды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт болып жатқан жердегі желдің екпіні секундына 10 метр. Ауа температурасы +36 градус шамасында", - деді ведомствода.


Соңғы 24 сағат ішінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында табиғи өрт сөндірілді.