Ол ата-ананың қарауынсыз ойнаған.
ERNUR.KZ. Демалыс күндері оқыс оқиға салдарынан 3 бала қаза тауып, 5 бала ауруханаға жатқызылды, - деп жазады Tengrinews.kz.
23 тамызда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жер үйдің ауласында 2012 жылы туған бала қолдан жасалған әткеншектен құлап, мерт болды. Ол ата-ананың қарауынсыз ойнаған.
Осы күні Алматыдағы Наурызбай ауданында тұрғын үйдің ауласында 2010 жылғы ұл бала абайсызда тереңдігі шамамен 4 метр болатын жертөленің шұңқырына құлап кеткен. Құтқарушылар оны алып шыққан. Ол ауруханаға жеткізілген.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақазан кентінде жер үйдің ауласында 2016 жылы туған қыз бала тереңдігі 2,5 метр болатын ашық құдыққа құлап, суға батып кеткен. Ол да ата-ананың қарауынсыз ойнаған.
22 тамызда Павлодар облысы Мәшһүр Жүсіп аулында жер үйдің ауласында көлік өртенген. Салдарынан ауруханаға 2018 жылы туған қыз бала күйікпен жеткізілген. Кейін ол қайтыс болған. Көліктегі өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуы себебінен шығуы мүмкін.
Алматы облысы Ақши ауылы Алакөл көлінде 2020 жылы туған баланы гидроцикл соққан. Ол бас жарақатымен аурухана жеткізілген.
Нұр-Сұлтанда 14 қабатты тұрғын үй кешенінде ата-ананың қарауынсыз қалған 2016 жылы туған қыз бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Оқыс оқиға кешке болған. Қыз түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған.
Елордадағы "Пригородное" саяжай аумағында түнде жер үйде 2017, 2012 жылдары туған бала ыстан уланып қалған. Оған себеп, пештің дұрыс жұмыс істемеуі. Екі бала да ауруханаға жеткізілген.
Құтқарушылардың мәліметінше, бұл оқыс оқиғалар ата-аналардың баласын қараусыз қалдыруынан туындаған.