Жаңаөзенде сәбиді үйдің маңына тастап кетті

0
927

Баланың кіндігі дұрыс кесілмеген.


Жаңаөзенде сәбиді үйдің маңына тастап кетті

ERNUR.KZ. Жаңа туған сәби "Рахат" шағын ауданындағы үйдің маңынан табылды. Толығырақ ақпаратты Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Баланың табылғаны туралы хабар "103" кезекші нөміріне 11 қыркүйек сағат 23.05-те түскен. Жергілікті тұрғын сәбидің жылап жатқанын естіген.

Жедел жәрдем бригадасы сәбиді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізген.

Баланың салмағы 2 килограмм 740 грамм және бойы 49 сантиметр. Дене температурасы 31 градус болған. Кіндігі дұрыс кесілмеген. Дәрігерлер бірден полицияға хабар берген.

"Қазір бала интенсив терапия палатасында жатыр. Баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Оған ылғал оттек беріліп жатыр. Өздігінен тыныс алады. Баланың қайда туылғаны және неше күн болғаны белгісіз. Жағдайы жақсарғаннан кейін бала қамқорлық бөліміне беріледі", - деп хабарлады ведомстводағылар.