Желіде Павлодарда автобуспен болған жантүршігерлік апаттың видеосы тарады

0
517

Жол апатынан екі жолаушы зардап шеккен, оның біреуі жүкті келіншек.


Желіде Павлодарда автобуспен болған жантүршігерлік апаттың видеосы тарады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Павлодарда автобус пен көлік соқтысқан жол апатының видеосы тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Жол апатынан екі жолаушы зардап шеккен, оның біреуі жүкті келіншек. Екеуінің де жағдайы ауыр, бір аптадан бері жансақтау бөлімінде жатыр.

Қайғылы оқиға болған сәт автобус салонында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада автобусқа тиген қатты соққыдан терезелер сынып, темір тұтқалар жұлынып кеткені көрсетілген. Негізгі соққы қазір ауыр халде жатқан екі жолаушыға түскен.


"Қарындасымыз апаттың бірінші күнінен бастап жансақтау бөлімінде жатыр. Миы шайқалып, бет сүйектері сынған. Жағдайы ауыр, тамағында түтік бар, өздігінен дем ала алмайды", - дейді зардап шеккен 34 жастағы әйелдің туыстары.

Жүктіліктің төртінші айындағы келіншек сол күні ауруханадан үйіне келе жатқан екен.

"Олардың айтуынша, жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысудан сақтанған, сондықтан автобусқа соқтығысқан. Тергеу жүріп жатыр. Бірақ біз үшін қазір ең бастысы, әпкемнің сауығып кетуі. 10 наурызда оған ота жасалуы керек. Сауыққаннан кейін пластикалық хирургия қажет болады", - деп атап өтті әйелдердің туыстары.

Бет сүйектері сынған 55 жастағы жәбірленушінің де жағдайы ауыр.