Желіде ұзату тойында анасының аяғын сүйген қыздың әрекеті қызу талқыға түсуде (видео)

0
570

Кадрлардан қыздың еңкейіп, анасының аяғын сүйіп жатқанын көруге болады.


Желіде ұзату тойында анасының аяғын сүйген қыздың әрекеті қызу талқыға түсуде (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар ұзату тойында анасының аяғын сүйген қыздың әрекетін қызу талқыға салуда, деп жазады stan.kz.

Кадрлардан қыздың еңкейіп, анасының аяғын сүйіп жатқанын көруге болады. Видео авторы желі қолданушыларынан мұның қандай салт екенін сұрады. Ал желі қолданушылары қазақ халқында мұндай дәстүрдің жоғын айтып, жабыла пікірлерін жаза бастады.

"Кей ақылға сыймайтын әдет-ғұрыптарды өзімізге қабылдауды тоқтату керек. Қазақта мұндай салт жоқ", "Аяқты сүю деген дәстүр жоқ. Жәй алғысын айтып, сүйгісі келген шығар", "Қызыңның аяғыңнан сүйгені неткен ұят. Бұл қызды қорлау ғой", "Ол мұны шын жүректен жасап тұр. Жұмақ ананың табанының астында. Анасының табанын сүйді, тамаша емес пе?", "Қазақта ондай салт жоқ. Бұл жаңа нәрсе. Мен келіндерімнің бұлай жасауына жол бермес едім", - деді олар.