Жеңіс Қасымбек 55 жоба бойынша Қытайдан жұмысшы келмейтінін айтты

0
957

Жобалардың 15-і бүгінде жүзеге асқанын, 20-сы белсенді күйде.


Жеңіс Қасымбек 55 жоба бойынша Қытайдан жұмысшы келмейтінін айтты

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапарының алдында желіде дау шығып, белгісіз жандардың белсенді болуының өзі күмәнді. Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек қазақ-қытай үкіметтерінің индустрияландыру аясында бірлесе жасайтын 55 жоба жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет басшысының орынбасары ақпарат жалған екенін ресми мәлімдеді. Оның сөзінше, көршілес ел ешқандай ескі зауыттарын елімізге әкелмейді, барлығы тың бастама. Жаңа технологиямен жұмыс істейтін жобалар 20 мыңнан артық жұмыс орнын бермек, оның 95 пайызын қазақстандықтар толтырмақ.

«Мемлекет басшысының Қытай еліне ресми сапар алдында осындай жағдайлар орын алуы күмәнді. Сондықтан біз түсініктеме беруді ұйғардық. Қоғам бұл жобалардың керекті екенін түсінгені жөн. Желіде тарап жатқан ақпаратқа жалған, еш қауіп жоқ. Шынын айтсам, ғаламтордағы ақпаратқа нақты дәлелі жоқ, жалған әңгіме», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек.

Жеңіс Қасымбек 55 жобаның тең түрінде еліміздің барлық аймақтарына іске асатынын, оның құрлылысына Қытайдан арнайы жұмыс күшін келетінін де жоққа шығарды. Премьер-министр орынбасары сондай-ақ жобалардың 15-і бүгінде жүзеге асқанын, 20-сы белсенді күйде екенін айтты. Барлық жобалардың жалпы сомасы 27 миллиард АҚШ долларын құрайды.