Жигули Дайрабаев ресми түрде президенттікке кандидат болып тіркелді

0
321

ОСК мәліметі бойынша, Дайрабаев Қазақстан азаматы, елде соңғы 67 жыл тұрған және жоғары білімі бар.


Жигули Дайрабаев ресми түрде президенттікке кандидат болып тіркелді

ERNUR.KZ. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде ресми тіркеді, деп жазады stan.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы заң талаптарына сәйкес келетінін айтты.

ОСК мәліметі бойынша, Дайрабаев Қазақстан азаматы, елде соңғы 67 жыл тұрған және жоғары білімі бар. Мемлекеттік қызметте 7 жылдық тәжірибесі бар. Лингвистикалық комиссияның қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді жетік меңгерген.

Орталық сайлау комитеті төрағасы Нұрлан Әбдіров Дайрабаевқа кандидат ретінде тіркелгені туралы куәлікті табыс етті.

"Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевты қолдауға уәкілетті өкілдер еліміздің жиырма өңірінде азаматтардың 125 081 қолын жинады. Олардың барлығы тексеріліп, оның 119 975 қолы сенімді деп танылды", – деді Смағұлов.

Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауды 20 қараша күніне белгілеген болатын.