Жойқын жер сілкінісін ерте хабарлайтын автоматтандырылған 9 жүйе орнатылды

0
484

​Еліміздің шамамен 40 пайыз өндірістік потенциалы жер сілкіну қаупі жоғары аймақтарда шоғырланған.


Жойқын жер сілкінісін ерте хабарлайтын автоматтандырылған 9 жүйе орнатылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында жойқын жер сілкінісі болатынын ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған жүйе орнатылды, деп жазады sputnik.kz.

Өңірде 2023 жылға дейін қосымша тағы 28 станция орнатылады.
Ведомствоның мәліметінше, сейсмикалық қауіпті аймақтарда алты миллиондай адам, төрт жүзден астам қала мен елді мекен орналасқан, еліміздің шамамен 40 пайыз өндірістік потенциалы жер сілкіну қаупі жоғары аймақтарда шоғырланған.
"Сейсмикалық қауіптілігі жағынан Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары алдыңғы қатарда тұр",- дейді сейсмологтар.
Ал төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласында 120 сейсмикалық станция, оның ішінде 5 үздіксіз тіркеу сейсмикалық станциясы 5 күшті қозғалыс сейсмикалық станциясы орнатылды. Белсенді ақауларды зерттеу үшін 4 портативты сейсморадон аппаратурасы сатып алынды және орнатылды.
2022 жылы Атырау облысында, Ақтау облысында, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 4 жаңа сейсмикалық пункт іске қосылды. ШҚО мен Түркістан облысында тағы 3 сейсмикалық станцияны іске қосу және жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.