Жолаушыны жүксалғышта тасыған жүргізуші айыпталуда

0
1 144


Жолаушыны жүксалғышта тасыған жүргізуші айыпталуда

фото: ҚазАқпарат

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жолаушыны жүксалғышта тасымалдаған автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Ер адамға 15 АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мəліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні орын алған. Оны «Рубеж - Бурабай» қоршау жүйесі стационарлық бекетінде жол-патруль полициясы батальонының қызметкерлері анықтаған.

Жол қозғалысын бақылап жүрген полиция қызметкерлері сағат 10:00 шамасында Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Kaessbohrer» автобусын тоқтатқан.

«Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде тəртіп сақшылары жолаушылар көлігінің жүксалғышы жатын орын ретінде жабдықталғанын жəне онда бір жолаушының болғанын анықтады», - деп мәлім етті ведомстводан.

Осыған байланысты жүргізушінің үстінен ҚР ƏҚБК 590-бабының 7-бөлігі бойынша əкімшілік хаттама толтырылды. Аталмыш санкция бойынша көлік жүргізушісіне 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.