ЖСДП кандидаты Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды

0
712

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.


ЖСДП кандидаты Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды

ERNUR.KZ. Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев тіркелу үшін 7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына құжатын тапсырды, деп жазады sputnik.kz.

Нұрлан Әуесбаевтың құжатын ОСК қабылдады. Оны 2-3 күнде тексереді.
Оппозициядан президенттікке үміткер журналистерге сұхбат берді. "Сайлауда қанша пайыз дауыс жинауды жоспарлап отырсыз" деген сұраққа Нұрлан Әуесбаев "оны уақыт көрсетеді" деп жауап берді.
"Тәуір дауыс жинаймыз, халық бізді қолдайды деп ойлаймын. Біз жеңіске жететінімізге сенімдіміз", - деді ол.
Нұрлан Әуесбаев президенттікке жемқорлықпен және олигархиямен күресу үшін бара жатқанын, саясат пен экономикада әлеуметтік әділеттілікті жақтайтынын айтты.
Оппозицияның президенттікке кандидатты ұсынғаны 1 қазанда белгілі болды. Сол кезде ЖСДП-ның кезектен тыс съезінде партия мүшелерінің алдағы сайлауға Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдағаны хабарланды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.