"Аишаның намаз оқығаны мені таңғалдырды": Динара Сатжан әнші Бүркіттің шаңырағында болды

0
4 068

"Аишаның бойында шығыс әйеліне тән табиғи сұлулық бар"


Тележүргізуші Динара Сатжанның ютуб арнасындағы "100 сұхбат" бағдарламасында әнші Бүркіт пен оның жұбайы Аиша "Bentley", Көктөбедегі үйі және кино өнеріндегі, отбасындағы табысы, шетелдегі бизнесі туралы айтты. Д.Сатжан жұлдызды жұпқа сан түрлі сұрақтарды төпелетсе де, жұбайлар барлық сұраққа ашық жауап берді. Есігінің алдында тұрған төрт бірдей көлікті көрсеткен Бүркіт екіқабатты зәулім үйін де таныстырды. Хан сарайындай биік үй Алматыдағы Көктөбенің жанында орын тепкен екен. Бұдан бөлек, әнші шетелдегі бизнесі туралы сырын ақтарды.

--Қазақстандағы бизнесімді жауып тастадым. Себебі, біздің елде мейрамхана ашсаң, асханасында аспаз болмасаң, бизнесің құлдырайды. Жуырда Эмиратта айран өндірісін қолға алдым. Жақын арада көрші мемлекеттерге экспорттауды жоспарлап отырмыз, - деді әнші.

Ал Аиша болса: "Құлшылық жасағанда айрықша күйде боламын", - деп жан сырымен бөлісті.