"Әкесі екеуінің ортасында бөгет бар": Танымал блогер Төреғали Төреәліге психологиялық талдау жасады

0
10 571

Ельвира Ерғалина танымал адамдарға талдау жасауды қолға алған.


Көпшілікке блогер ретінде танылған, қазіргі психолог, нейро-коуч Ельвира Ерғалина ютуб арнасында "Адам іздеймін" деген атпен танымал адамдарға психологиялық талдау жасауды қолға алған.

Ол алғашқы хабарын - өзі айтқандай "Ұлы дала бұзығы" Төреғали Төреәліге арнаған.

Оның пікірінше, соңғы оқиғаға тап болуына бірнеше себебі бар. Әрі ол көпшілік айтқандай "Өрттің дауын басуға", "Ақшаның салдарынан" деген болжамды жоққа шығарған.

Эльвира Ерғалина: "Психологиялық ауыр кезеңді өткеріп жатыр. Оған орта жас крезисі, екіншіден әжесінің қолында өсуі, ата-анамен шиеленіскен қарым-қатынасы, сосын отбасындағы жалғыз ұл және баланың тұңғышы болуы, одан кейін өзі шешім қабылдауға тырысуы болуы мүмкін".

Сарапшы әр себепке жеке тоқталып, анализ жасаған. Бірақ бұл талдауы 100 пайыз емес, тек әншінің берген сұқбаттарына қарап жасалғанын айтқан.

Бағдарламаның толық нұсқасы: