"Әкесі соңына дейін ұл күткен еді": Төреғалидың жары үшінші қызы туралы айтты

0
4 198

Ең қызығы, әжесі немересіне барлық киімдерін ұлға дайындап келген.


Белгілі әнші, көп балалы әке Төреғалидің әйелі өзінің үшінші қызын туған күнімен құттықтап, оның дүниеге келген кезін есіне алды. "Сәлем бердім, баршаңызға!" деп әңгімесін бастаған ол қызын Қытай мемлекетінде дүниеге алып келгенін айтады.

Толқын Тұрарбекқызы: "Алла берген Фатимамыз бүгін 3 жасқа толып жатыр! Фатиманың атын - Әжесі қойған) Өзі Қытай мемлекетінде дүниеге келген майкөтен қыз. Үлкен қызымызды емге апарып жүргенде Алланың қалауымен Гуанжоу провинциясы, Фошань қаласында туылды... Отбасымызбен ұл болады деп күттік. Қытайлықтар УЗИ-де жынысын айтпайды.. Заң сондай, сондықтан босанам дегенше білмедік, бірақ ашты жегім келіп, біраз салмақ қосып, ажарланып кеткесін Ұлға балап жүрдік. Ең қызығы, Әжесі немересіне барлық киімдерін Ұлға дайындап келген... Фатимамды 2 күн толғатып, әкесі қасымызда болғасын ба, жеңіл босандым...
Әкесі дәл туылып жатқан кезінде шығып кетті, 15 минуттан кейін қайта кіріп, кім тудың деп сұрағанында, қыз десем, өзің көрдің ба деп соңына дейін ұл күткен қызы, өзінің аузынан түсіп қалғандай. Аллаға сансыз шүкірлер.
Өзінен кейін көп күттірмей Алладан тілеген атқа мінеріміз туыла салды. Еркелеп те үлгермей 11 айында Тәте боп кеткен ақылдым, Алладан барлық жақсылықтарды тіледім!
3 жасың құтты болсын, Ботақаным!".

Толқын Тұрарбекқызының бұл жазбасына оқыған оқырмандар олардың үлкен қызының денсаулығына алаңдап, сол туралы сұраған. "Үлкен қыздарыңыз жазылды ма? Балапан сауығып кетсін. Фати туған күні құтты болсын әрқашан биіктерден көріне берсін!", "Екеуі егіздей катты ұқсайды Фатима мен Төренұр" деген сынды пікірлермен кішкентай қызды туған күнімен құттықтап, оған жақсылықтар мен бақытты балалық тілеген.