​«Ақша үшін бармаймын»: Айдар Тұрғамбек қыз ұзату тойына не үшін баратынын айтты

0
1 961

«Мен ұзатқан қыздардың ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»


​«Ақша үшін бармаймын»: Айдар Тұрғамбек қыз ұзату тойына не үшін баратынын айтты

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек «Қызық таймс» бағдарламасында сүндет тойда, қыз ұзату тойында өнер көрсетудің өзіндік қиыншылығы барын айтты.


«Сүндет тойға барғанда пайда көрейінші деп емес, пайдамды тигізейінші деп барамын. Ұзату тойға уайыммен барам. Ақшаға бола барады деп ойламаңыздар. «Бақытты болып кетсінші» деп қатты уайымдап, бір-екі күн алдын қиналамын. Оны ұзатып салған соң да «Не болды екен, сіңісіп кетті ме екен» деп ойлап қоям. Аллаға шүкір дейін, мен ұзатқан қыздардың ешқайсысы төркініне қайтып келмеген. Алды 5-6 балалы болып кетті», - деді өнер иесі.




Айдар Тұрғамбектің тойда өнер көрсетуін әріптесі Бағлан Әбдірайым ерлікке балады.


«Біз тойға ән айтуға барғанда кәдімгі киіммен бара береміз ғой. Ал бұнікі ерлік. Сүндет тойға батырлардың киімін арнайы тіктіріп, 40 градус ыстықта да қалың киіммен шыдап, өнерін көрсетіп шығады. Салт-дәстүрге құрметпен қарайды. Айдар сүндет тойында ән айтқан балалар қазір шетінен оқуда озат боп жатыр, алды олимпиаданың жүлдегерлері атанған» деп пікір қосты Бағлан Әбдірайымов.