​«Алаяқтарға алданып, далада қалған»: Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтің қиын жағдайда қалғанын айтты

0
602

«Бала асырап алғысы келеді екен»


​«Алаяқтарға алданып, далада қалған»: Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтің қиын жағдайда қалғанын айтты

Әнші, сазгер Роза Әлқоза Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановпен кездескенін айтты. Өнер иесі әріптес ағасына сәлем бере барып, қазіргі жай-күйімен танысып қайтыпты.


«Сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжан құрбымыз біраздан бері «Ағаға барып қайтайық» деп жүрген. Кеше соның сәті түсті. Халық әртісі, бүгінгінің аңызы Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға сәлем беріп бардық. Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады екен. Өзі 87 ге келіпті. Біз кейде қасымыздағының қадірін білмей, жеке қалдырып, құса қылып жатамыз, неге деген сұрақ туады осындайда?! Аға жер үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен», - деді Роза Әлқожа.


Сондай-ақ, ол әңгіме арасында Нұрғали Нүсіпжановтің ең үлкен арманын айтып қалды.


«Өзім де кезінде ағадан сұхбат алған сияқты едім, бірақ шын ғұмыр-тарихын білмейді екенбіз ғой. Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы - ұл болыпты. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді екен. Жас жеңгеміз де ЭКО-ның бар ғаламатын көріп-баққан, болмапты. Ендігі бар үміті - бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты. Қайтпек керек?! Алла маңдайға берген болса бәрі де болар», - деп сөзін түйіндеді Роза Әлқожа.


Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов осыдан 5 жыл бұрын, 82 жасында 1982-жылы дүниеге келген журналист Жадыра Сейдешпен екінші мәрте шаңырақ көтерген болатын.