Нұрболат Абдуллин Алматыға алғаш келген кезін айтып жұртты жылатты
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин өзінің ару қала Алматыға алғаш келген кезіндегі оқиғасын желіде бөлісті. Инстаграм парақшасына өміріндегі ерекше кезеңдерді көркем тілмен өрнектеп жазып отыратын әнші бұл жолы Алматыдағы алғашқы пәтері туралы жазды.
Нұрболат Абдуллин: "Алматыдағы алғашқы пәтер. Поездан түстім.Тал түс. Аң-таң көңіл. Қаладан қалаға келсемде бұл қаланың қозғалысы мен қүрылысы басқаша. Вокзалының өзінен айқын көрініп тұр.Қолымда үлкен сұр чемодан. Қалаға шығатын жаққа бет алдым. Таксистер «дос», «тума». «жақын», «брат» дегеннен жіберіп қалаған жеріңе апарғысы кеп тұр. Бағасын естідім де «Тума, (өздерінің тілімен) мынаған ауылда екі-үш қап ұн аласың ғой» дедім жымиып. Сөйтіп бұлардан қашып аялдамаға беттедім. Бір ойым ойлап қоям мына чемоданмен қалай автобусқа мінем деп ,ойлағанымша болған жоқ бір такси жаныма келіп қайда бармақшысың "тума" деді.Тағы да жымиып ішің толған адам ғой қай жеріңе сыям дедім. Оой, көңіл сыйса бәрі болады ғой'за то арзанға апарып тастаймын деді.
Көп ойланбастан мейлі дедім. Ми қайнау күнде таксидің ішінде демалуда оңай емес екен, кептеліс көрген көзім өзіме сене алар емес,орташа жылдамдықпен әйтеуір мекен-жайға жеттім-ау.
Мектепке кірдім.
Вахтёршы апай: «кімге келдің?»
Пәленше Паленшеқызы деп Директордың есімін айттым.
А жақсы кабинеті анау тұр кіре бер деді.
Есігін қақтым.
-Иә?
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлемет пе?!
Ааа Нұрболат? Қош келдің!(бұл кісіні бұрыннан танитынмын) Кел отыр.
-Раxмет апай!
-Иә? Ауыл-ел аман деген сұрақты-әңгімемен 20-30 минуттай сөйлестік.
Жұмысқа қабылдандың.Құттықтаймын деп әңгімесін тәмамдай келе
қайда орналастың?
-«Әзірге ешқайда» деп қызардым.
-Мәссаған бұл қалай болды?
-Ммм, онда бүгінше осы менің кабинетіме түнеп шық'басқа шара барма.Одан кейін пәтер мәселесін реттейміз деді.
-Апай ұят болды ғой сізден.
-Неге ұят?Енді далада қаламысың?осы жерде түнеп шық.
-Жақсы апай!
(Негізінде кабинетінде түнеген былай тұрсын,пәтер қып тұрғың келед, үй сияқты бөлмесі)" деп әрі қарай жұртты қызықтырып "Жалғасы бар" деп аяқтады.
Бұл әңгімесі жанкүйерлердің жүрегін елжіреткендей, өйткені кейбірі көздеріне жас келгенін де пікірге жазып жатыр.
Фото: nurbullin