Мереке Қалбаева: "Қызымның тұсауын кескен Айнұр Асқарқызы "Жарты миллион тойана берді"
Алғашында шулатып, кейіннен жұрттың сүйікті жұбына айналған әзілкеш Арсен мен Мереке жақын күндері қызының тұсауын кесіп, той жасады.
Бұрын тойлары болмағанын айтқан Мереке Қалбаева бұл тойды да арнайы жоспарламағанын айтады.
"Неше түрлі себептермен Арсен екеуміздің ешқандай тойымыз болмаған, тіпті Құдалық та.
Қызым бізге құт болып келді. Өзі туылғаннан бастап, КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚТАР болып жатыр шүкір.
Осындай АЛТЫННЫҢ туған күнін жасауды тіпті ойламадым, себебі мен де Арекең де қызықпаймыз той дегенге. Бірақ достарым тұсауын кестіріп, туған күнін, құдалығыңды да қосып жасаңдар дегенде ойланбастан тәуекел етіп жасадық.. Карантинге байланысты бар жақынымды шақыра алмадық... ренжімеңіздер.
Бұйырғандар келді.
Арудың тұсауын Айнұр апам кесті. Өмірде жақсы адамдарды көп көрдім, бірақ АЙНҰР әпшемдей жанды бірінші рет жолықтырдым. Алла разы болсын.
Басымдағы бағым БЕС ЕЛІ екен АЛЛАҒА ШҮКІР!
Тұсауын кесті!
Батасын алдық!
Жарты млн тойана берді!
Бұл өмірде не болса да бааарлығы бір АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН!
Сізге мені жақсы көрдірткен АЛЛАҒА ШҮКІР!
НЕ ДЕСЕМ ДЕ АЗ
АМАН БОЛЫҢЫЗШЫ ЖАҚСЫ АДАМЫМ" - дейді әзілкеш.
Бұл постты көрген оқырмандары оның қуанышына ортақтасып, жақсы тілектерін жаңбырша жаудырды. Олардың барлығы дерлік Мерекенің мықтылығына тәнті болып, "Соларды бақытты қылып жүрген сен мықты әйелсің! Салиқалы, ақылды, ең сұлу жан сенсің! Сені үлгі тұтамын! Жақсы көремін" дейді.
Әрине, арасында олардың жас айырмашылғына және аналарының мүсініне де сын айтып, теріс пікірлер жазғандар да баршылық.