Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің аялдама көлікпен тұрып, сыртта тұрған жас қызбен сөйлесіп тұрған бейнежазбасы тарады.
Фото: Александр Павский / Kazinform
ERNUR.KZ. Этикалық норманы бұзған полицейлер қызметінен босатылды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің аялдама көлікпен тұрып, сыртта тұрған жас қызбен сөйлесіп тұрған бейнежазбасы тарады. Видео авторының сұрағына 17 жастағы қыз «Саяхатқа апарып тастаймыз деді» деп жауап берді.
Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлады.
— Кәсіби қызмет барысында олардың тарапынан этикалық нормалардың бұзылуы белгілі болды, бұл полиция қызметкерлері үшін мүлдем жол берілмейтін әрекет. Тексеру қорытындысы бойынша бір қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылса, екіншісі атқарып отырған лауазымынан босатылды. Аталған қызметкерлердің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады департаменттен.