"Басым ауырады": Алтынай Жорабаева Алматыға неліктен барғысы келмейтінін айтты

0
8 076

Желі оқырмандары әншінің бұл сөзін сынға алды


Белгілі әнші Алтынай Жорабаева Алматыдан және Республика сарайынан жатырқап тұратынын айтты. Телеарнадағы бағдарлама келген әнші, жүргізушісінің "Алматыда концерт бергім келмейді. Астанада беремін" деп айтқан екенсіз деген сөзін растады.

"Себебін білмеймін бірақ маған Астана ұнайды, Алматыға барғым келмейді. Барсам басым ауырады. Алматы маған шабыт бермейді" деді. Оның себебін отбасының Астана қаласында болуымен және концерт беретін залдардың ұнайтындығымен байланыстырды.

Бірақ әншінің бұл сөзі желі оқырмандарына аса ұнай қоймаған сыңайлы. Себебі олар "Жеті атасымен Астанада тұрғандай сөйлейді ғой", "Алматыда жүрдің ғой қарағым, енді менсінбей қалдың ба? Олай айтпа кезінде Алматыда жүріп наныңды тауып жегесің" деген сықылды пікірлерін жазып жатыр.