"Бауырларымды ойлап ұйқысыз түндер өтті": Жазира Байырбекова шетелде демалмауының себебін айтты

0
1 465

Әнші: "Күйеуімнің рұқсатымен қолымнан келгенше көмектестім".


Жазира Байырбекова осы кезге дейін шетелге тек бірнеше рет демалысқа барған екен. Оның себебін сұрайтын оқырмандарына әнші "Бұған дейін де 2-3 рет демалысқа барғанбыз. Ол кезде жақындарымның бірнешеуінде баспана, кейбірінің жұмысы, тағы біреуінің басқа да мәселелері менің жанымды мазалайтын. Бәріне, қалай көмектессем екен деген оймен, ұйқысыз түндер өтті.

Алланың берген күш-қуатымен берекесімен, Күйеуімнің рұқсатымен қолымнан келгенше көмектесіп, мақсатыма жеттім.

Бұдан былай бәрі жақсы болса өз отбасыммен демалып тұрамыз деп ойлаймын.
Бірінші рет демалысқа өзіммен бірге санамдағы барлық Жазираны алып келдім!", -
деп жауап берді.


Әншінің бұл жазбасын көрген оқырмандары оның мінезіне тәнті болып, ізгі ойларын жарыса жазып жатыр. Олар "Сәлеметсіз бе? Осылай ойлай алудың өзі үлкен тәрбие мен жүректің жұмсақтығы. Бауырымда проблема барда емін-еркін демалып жүру ол - ұят деп санамайтын қаншама санасыздарды да көріп жатырмыз. Алла Тағала азаматыңызбен, ұрпағыңызбен, өнеріңізбен мың жасаңыз!", "Керемет! Сол ғой бәрімізде қалай төркінге көмектессек екен деп жүреміз. Өзім де үйде отырып инстаграммен табыс тауып жатырмын. Табысымды депозитке саламын, қалғанын төркінге беремін, қалып жатса өзіме жаратамын қолдан келгенше" деген сияқты өз өмірлерінен мысал да жазуда.