​«Бауырым үшін тұрамын!»: Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі екеуін сынаған әріптесіне жауап берді

0
10 996

«Өздері тойда жүріп, эфирге шыққанда «руханият» деп қалады»


​«Бауырым үшін тұрамын!»: Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі екеуін сынаған әріптесіне жауап берді

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Инстаграм» парақшасында әпкесі Роза Әлқожа екеуін «той әншісі» деп сынаған дәстүрлі әнші Ақмарал Ноғайбаеваға жауап берді.


«Бес жұлдыз» бағдарламасында маған «Қашанғы халықтың ығына қарап жұмыс жасаймыз?» деді. Бұл – эстрада, театр емес, консерватория емес. Біз халықтың ығына жұмыс жасаймыз, халық тойына шақырса барамыз, халық «концерт бер» десе, береміз! Сол үшін біз эстрада әншісіміз.


Мен Ақмарал Ноғайбаева әпкеме әңгіме айта алмаймын. Керісінше, ауыр айтып қойсам кешірім сұраймын. Бірақ әр өнер адамының өзіндік пікірі бар. Айта алуға хақылы қылып осы «Бес жұлдыз» бағдарламасын Мейрамбек Беспаев ашқан», - деді әнші.


Ол сондай-ақ бағдарламаға шақырылмай қалған әпкесі үшін де араша түскенін айтты.


«Менің ол жерде айтқым келіп, барымды салған себебім, «той әншісі» деп мені бөлектеді және Роза әпкемді «той әншісі» деп жоқ адамды араға қосты. Бауырым үшін тұрмасам несіне жігітпін?! Ақмарал әпкеден де басқа жандар «той әншісі бұлар, анау-мынау» деп арманын айтты. Бірақ ол жерлерін эфирден қырқып тастапты.


Иә, мен той әншісімін! «Музарт» тойға шықпай ма? Тоқтар, Саят, Досымжан, «Жігіттер», Қайрат ағалар тойға шықпай ма? Керек десеңіз, дәстүрлі әншінің, филармония әншілерінің талайын көрдік, эстрадалық әндерге дауыс жаздырып, тойда тіршілік етіп жүр. Ал бағдарламаға келгенде барлығы «Руханият» деп әңгіме айтып қалады. Тойсыз елмен қауышу, тура осы қазақша әндер орындайтын адамдарға мүмкін емес нәрсе деп ойлаймын. Айтарым көп, негізі. Бірақ тоқтай білейін...» - деді Әбдіжаппар Әлқожа.