"Бізде жауапкершілік артты": Тәуекел Мүсілімнің ұлымен тускен суреті жұрттың жүрегін елжіретті

0
3 666


Көп қыздың арманы болған Тәуекел Мүсілім әке атанғанын барлық жұлдыздар мен БАҚ жарыса жазуда.

Жақсы жаңалықты алғашқы болып әктердің өзі сүйіншілеген еді. Өзінің ұлымен түскен суретін жариялап, төмендегідей жазба қалдырды.

"Аллаға сансыз мадақтар мен шүкірлік болсын! Әлхамдулилләһ! Махаббат екеуміз ата-ана болдық. Баланың денсаулығы жақсы, анасы да аман. Шүкір!
Қазақ еліне +1 батыр! Есімін әлі таңдау үстіндеміз, әжесінің шешімін күтудеміз!

Барлық құттықтауларыңызға мың алғыс!
Оқып жатырмын, тек жауап беруге үлгерер емеспін. Сіздерге де осындай қуаныш тілеймін!

Бізде енді жауапкершілік артты, Алла соны абыроймен орындауға нәсіп етсін. Саналы ұрпақтарымыз көп болсын! Әумин!"


Актердің бұл суретін көргендер оған тамсанып, ұлы мен анасы және отбасына жақсы тілектерін жаңбырша жаудыруда.

Олардың ішінде танымал жұлдыздар да бар. Атап айтқанда, Нұрболат Абдуллин "МашаАллах! Алла ұлық! Жүма мүбәрак! Ұл құтты,мықты болсын!", Асылхан Төлепов "Қуаныштымын! Шын жүректен құттықтаймын! Бауы берік болсын, Тәке!" деген ақжарма тілектерін ақтарыпты.