​«Диагнозы осыдан болып қалды»: Жазира Байырбекова анасын мерекемен құттықтап барды

0
5 213

«Амандасқан адамдардың бәрін сүйгісі келіп тұрады»


​«Диагнозы осыдан болып қалды»: Жазира Байырбекова анасын мерекемен құттықтап барды

Танымал әнші Жазира Байырбекова «Аналар күні» мерекесіне орай өз анасын құттықтап барып, жан тебірентерлік видео жариялады.


«Ләззат әпкем екеуміз мамама келгенбіз. Ол қазір Сабира әпкемнің үйінде. Менің мамамның бір жақсы қасиеті – үнемі аузынан тек жақсы сөз шығады. Ешбір адамға ауыр сөз айтып көрмеген. Бәрін ішінде сақтай берген. Сол себепті де осындай диагноз болып қалды-ау. Бірақ енді Алланың алдында адал болса, кішіпейіл болса, таза болса, ең ұтымдысы сол шығар деп ойлаймын. Мамам келіп амандасқан адамдардың бәрін бетінен сүйгісі келіп тұрады», - деді өнер иесі.


Әншінің анасы қызының тыңдармандарына ақ тілегін жаудырды. «Аллаға шүкір, өмірде қуанышты күн көп болсын. Маңдайларыңдағы жұлдызарың жарық болсын!» деді.


«Мамам Алматы қаласының қызы. Руы – албан. Қалада туып-өскен. Папаммен танысқан кезде мамам қазақшаны, ал папам орысшаны дұрыс білмейтін болған. Екеуінің арасында тілсіз махаббат орнаған. «Жамбылданмын, жүр, саған туған жерімді көрсетіп қайтайын» деп ұсыныс білдірген. Мамам Жамбыл облысы шығар деп ілескен. Сөйтсе папам бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Жамбыл колхозына апарып, үйіне келін етіп түсірген», - деп ата-анасының үйленген кезін есіне алды Жазира Байырбекова.