Путин Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері атысты тоқтататынын мәлімдеді

0
98

7 мамыр сағат 00:00-ден 11 мамырға дейін барлық әскери операция тоқтатылады.


Путин Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері атысты тоқтататынын мәлімдеді

фото: Sputnik / Гавриил Григоров

ERNUR.KZ. Ресей президенті Жеңістің 80 жылдығында атысты тоқтататыны туралы жариялады, деп жазады sputnik.kz.

"Ресей Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Владимир Путиннің шешімімен гуманитарлық ойларға сүйене отырып, Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері 7 мамыр сағат 00:00-ден 11 мамырға дейін Ресей тарапы атысты тоқтататынын жариялайды. Осы кезеңде барлық әскери операция тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Ресей Украина тарапы осыдан үлгі алуы керек деп есептейді.

Украина жағы атысты тоқтату режимін бұзған жағдайда Ресейдің Қарулы Күштері тиісті жауап қайтарады.

Ресей тарапы Украина дағдарысының түпкі себептерін жоюға және халықаралық серіктестермен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға бағытталған алғышартсыз бейбіт келіссөздерге дайын екенін тағы да мәлімдейді.