"Қай ауылдың келіні боларымды ойлайтынмын": Жазира Байырбекова бала күнгі армандарымен бөлісті

0
2 946

"Ауылда тұрып келіндік қызметімді де жасап үлгердім".


"Адамдарды адастырмас арман" деп ән салатын Жазира Байырбекова өзінің бала күнгі армандары туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Бала күнінде көп гастрольде жүрген оны әкесінің үнемі "Жаскам керемет әнші болады. Жазираны қазақ халқы танитын болады” деген сөздері оған қанат берген.

Жазира Байырбеова: "Бала күнімде гастрольдік сапарда көп жүрдім.

Әр ауылдан өтіп бара жатып “мен қай ауылдың келіні болар екем” деп ойлайтынмын.
Шелекпен су тасыған, басына орамал таққан келіншектерді көрсем “мен де осылай жүретін шығармын” деп ойладым.
Бірақ әкемнің “Жаскам керемет әнші болады. Жазираны қазақ халқы танитын болады” деген сөздері санамда қалып қойды.
Сонымен өз санамдағы да, әкемнің тілегені де орындалған сияқты.
Ауылда тұрып келіндік қызметімді де жасап үлгердім, Әкемнің тілегін де орындау үстіндемін. Аллаға шүкір!
Бала күндеріңізде кім болуды армандадыңыздар?
Қаншалықты орындалды?".



Бұл жазбаны оқыған оқырмандары да өздерінің бала күнгі армандарымен бөлісіп, тәтті естеліктерімен бөліскен. "Өзім үйде айнаның алдында жеке концерт беретінмін. Ылғида гүл алғанымды, поклон жасап, шапалақ ұрып шулап жатқан халық елестетінмін. Әдемі айналатын көйлек пен микрофон... қиялымдағы заттар...", "Мен дәрігер болуды армандағанмын. Ата-анамда соны қалады. Бырақ дәрігер болмадым, кәзір Медициналық университетте мұғаліммін" деген сынды пікірлер қалдырған.