"Қалтырап-дірілдеп не боп жатқанын түсінбедім": Бағлан Әбдірайымов ем қабылдау барысында есінен танып қалған

0
2 862

Әнші секунд өтпей тұншыға бастағанын айтады.


Белгілі әнші Бағлан Әбдірайымов оқырмандарын өз бетінше ем қабылдамауға шақырды. Оның мұндай ойға келуіне өзінің басынан өткен жағдай себеп болған. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Бағлан Әбдірайымов: " Анафилактический шок! Ассаулаумағалейкум, достар! 18-ші сәуір күні суықтап жүрген соң, оразамды бұзып, қосымша витаминдер, система алайын деп шештім. Өйткені, ораза біткенше денсаулық сыр бермесін деп ойладым. Сөйтіп таныс дәріханаға бардым. Витамин салып жатып “противовирусный” укол салды. Секунд өтпей тұншығып естен таныппын. Бір жаққа барып келген соң, укол салған қарындас нашатыр иіскетіп жатқанда ояндым. Дереу “супрастин” және қосымша уколдар салып сәл болса да жеңілдетті.

Сол сәтте жедел жәрдем келіп, қан қысымы, жүрек соғысы бәрін бірден қолға алып ем-домына кірісіп кетті де, ауруханаға жөнелтті. Қалтырап-дірілдеп не боп жатқанын түсінбедім. Қабылдау бөліміне әкеліп системадан ситема құйды. ПЦР тест алды. Нәтиже дайын болғанша бөлек жатқызды. ПЦР теріс нәтиже көрсетіп ПАЛАТАҒА шығарды.
Содан бері ем алып жатқан жайым бар. Бүгін шығамын, бұйыртса!

Айтпағым: өздігіңмен ем қабылдауға мүлдем болмайды екен. Қандай дәріге, қандай асқа аллергия барын біліп жүрген үлкен олжа екен. Ауырмаңыздар!

Вакцина салдырам деп жүргенде жәй уколға талып қалдық.

Вакцина салсам 500 000 тг алатын сияқтымын ғой. Қалжың, Құдай сақтасын!".

Әншінің бұл жазбасын естіген оқырмандары алаңдаушылық білдіріп жатыр. Олар "Проба салмағаны несі? Кісіні өлтіріп те алады осылай. Аман бол!" деген пікірлерімен әншіге денсаулық тілеп, өзгелерге де өз бетінше ем қабылдамауға кеңес берген.

Бөлісу