"Қасықтап жинағанымды, қаршадай қыз төге салды": Сәкен Майғазиев халыққа үндеу жариялады (Видео)

0
14 723

"Оқыған білімдерімді көрге алып кетемін бе?", - дейді әнші.


Жыл басынан бері атынан түрлі қисық сөздер арылмай қойған Сәкен Майғазиев видео үндеу жариялады. Ол видеода өзіне жала жапқан қыз туралы айтып, көпшіліктің сұрақтарына да жауап бере кеткен.

Алдымен басшылық қызмет келген Сәкен Майғазиев ол қызметке текке келмегенін, өзінің сол саладағы еңбегі бар екенін айта келіп, "Наурыз тойына" жұмсалған қаражатты да айта кеткен.

Сәкен Майғазиев: "Маған жала жапқандарды да, ғайбаттап, қарғап-сілегендерді де кешірдім.

Бейнежолдауымды мұқият қарап шығып, түйсік таразысына тартып, санаңызға салып сараптап көріңіз. Мен сіздерді жақсы көрем!" дейді.

Сонымен қатар өзіне осы оқиғалар күйзеліске алып келгенін, бұл әңгімені қарт анасының құлағына жетуінен қорқып жүргенін де жасырмады. Қазір өзінің кінәсіздігін заңмен дәлелдеген әнші қолдау білдірген отбасы мен тыңдармандарына алғыс айтты.

Әншінің бұл жазбасын көрген оқырмандары мен әріптестері оны бөлісіп, ізгі тілектерін ақтарып жатыр.