Жақында некесі қиылған әнші Ерке Есмаханға сырға салу рәсімі өтті.
Әншіге Райымбек Бақтыгереевтің отбасы құда түсіп, сырға салды. Бұл құдалық рәсіміне өнердегі достары мен әріптестері де келді. Мәдина Садуақасова сырға салу рәсімінен тікелей эфир жүргізді.
Ерке Есмахан сырға салған абысынының қатты қобалжығаннан сырғаны шеше алмағанын айтты.
"Сізді сол сәтте қатты қысып құшақтағым келді. Сонда да бәрі әдемі өтті" деп жазды ол.
Құда түсіп келген әулет Еркенің анасына бриллиант набор сыйлаған.
"Әкем бүгін бір аунап түскен шығар. Анашым, 100 жасаңыз! Текті әулетке, есті жігітке жар болып барам. Анамның ақ батасымен жаңа өмірге аяқ бастым".
Желі оқырмандарымен қатар өнердегі әріптестері де әншіні қуанышымен бөлісіп, құттықтады