Бірнеше күн бұрын танымал әнші, актриса Аша Матайдың «Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» деп жазылған төс белгі алғаны желіде талғыланған еді. Көпшілік оның рухты көтеруге қандай еңбек сіңіргенін білмей дал.
Ал белгілі радиожурналист Мөлдір Жанбаева өзінің желідегі парақшасына "Нақты қалай көтеріпті рухымызды? Инстаграм стористерін қарап отырсаң, кішкентай қызымен тек орысша тілдеседі? Рухы мықты болса, сол қыздарының тілін неге ана тілінде шығармады? Қазақ тілінің арқасында ән айтып, Қалаулым жүргізіп жүр. А күнделікті өмірде қазақ тілін менсінбейді де!" деп жазды.
Бұл жазбаларды оқыған желі оқырмандарының ойы екіге бөлінуде. Олардың кейбірі Ашаны марапатымен құттықтаса, басым бөлігі оны "төсбелгіні ақшаға сатып алған, марапатты табыстаған адамның да ұлттық рухы мен намысы жоқ екендігі көрініп ақ тұр" деген сынды пікірлерін жазуда.