​«Қызды күн ұясына батпай тұрып ұзатқан»: Жазира Байырбекова тойға қатысты өз пікірін білдірді

0
1 202

«Кредитке той жасама!»


​«Қызды күн ұясына батпай тұрып ұзатқан»: Жазира Байырбекова тойға қатысты өз пікірін білдірді

Эстрада жұлдызы, талай қызды әдемі әнімен ұзатып жүрген әнші Жазира Байырбекова өзінің «Инстаграм» парақшасында қыз ұзату тойына қатысты ұсыныс-пікірін жариялады.


«Қыз ұзатуда қыздың иығына қызыл орамал тақпай-ақ қойыңыздаршы. Ұзатылар алдындағы батаны қызға сәукелені кигізіп болған соң беріңіздер. Құрбыларына тарататын үкіні аяғына қалдырмай тойдың ортасынанан сәл асқанда таратсыншы. Ақ жолдың үстімен кетіп бара жатқанда тек туған ата-анасы мен туған бауырлары ғана құшақтап сүйсінші. Ұзатылар алдында құдаларды сыртқа шығарып жіберетіндер бар. Шығармаңыздар. Олар да ұзату рәсімін көріп, қызбен, жігітпен бірге шықсын. «Бақытты боламын деп барма,сол әулетті бақытты етемін деп бар» деп «слишком» ауыр жүк артып, тілек айтпаңыздаршы. Қыз бақытты болсын, бастысы. Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе жасаңыз. Жетпесе қиналып, кредитке кірмеңіз. Ұялатын заман емес. Тойсыз-ақ бақытты отбасы болып жүргендер көп... Ұзату тойын күндіз жасасаңыздар жақсы болар еді. Баяғыда қызды күн батпай алып кететін болған. Оның да бір сыры бар шығар. Сосын, жігіт қызды көпшіліктің көзінше көтермей-ақ, қол ұстасып кеткендері мәдениетті, әдемі көрінеді...» деп жазды әнші.


Жазира Байырбекованың тыңдармандары да бұл ұсынысты қолдады.. «Қызыл орамалға қатысты айтарым, қазақта “шырға салу” деген дәстүр бар.Тұрмысқа шыққан қыздың "қызыл орамалын" сіңлілеріне аманат етуі. Ол «менің жолымды берсін, ендігі той сенікі болсын» деген ырыммен беріледі. Қазір бұл салт кішкене өзгеріске түсіп, ұзатылып бара жатқан қыздар құрбылары мен сіңлілеріне үкі таратып беруді де дәстүрге айналдырды. Дұрысы, тойда қызыл орамал сыйлау керек сияқты. Оны иығына жамылып алып кетпеу керек», «Қыз баласы өлімге кетіп бара жатқандай сұңқылдап жыламасыншы,ол деген той ғой, той...» деген пікірлер айтылды.