"Ешкім істемегенді осы жігіт істеді" - дейді актриса.
Белгілі актриса Дариға Бадықова өзінің өнердегі інісі Рамазан Амантай туралы айтып, оның жомарттығына таң қалды.
Рамазан Амантай жақында "Әкеге апарар жол" фильмінің түсірілімін аяқтады. Түсірілім тобымен отырған жиында ол киноға ат салысқан адамдардың бәрі Абу-Дабиге демалысқа алып кететінін айтқан.
Ол видеоны Дариға Бадықова бөлісіп "МАСҚАРА ТІРЛІК істеді мына бала! Жас та болса ешкім істемегенді осы жігіт істеді. Барлық группаны Абу-Дабиға демалысқа жіберемін дейді. Алтын інім құдай пейіліңе берсін. Ал оқырмандар, Рамазанға мықтысың деген тілек айтыңыздар" деп жазды.
Мұны көрген желі оқырмандары жас жігіттің жомарттығына таң қалып, жақсы тілектерін жаудырып жатыр.