​Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

0
1 180

Креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша кеңес беретін болады


​Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Танымал әзілкеш, кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.


Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысының әкіміне креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша кеңес беретін болады.


Ол 1979 жылдың 19-шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде білім алған. 2009-2011 жылдары Экономика және құқық академиясында қаржы және несие факультетінде оқыды. 2012-2015 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураны бітірді.


Бұған дейін ол ҚР Президенті Телерадиокешенінің креативті директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда басқа да танымал жобаларды ұйымдастыруға атсалысқан. 2021-жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталған.