"Осы әдемі күн де келді": Бүгін Әсел Сәдуақасованың тойы өтіп жатыр

0
1 816

Актриса біраз бұрын некесін қидырған еді.


Белгілі актриса, әнші, продюсер Әсел Сәдуақасованың тойы бүгін Алматы қаласында өтіп жатыр. Ол тойды "Bali Style"-мен безендірген. Өйткені актриса өзінің өмірін түбегейлі өзгертуге Балиде өмір сүрген уақыттары әсер еткенін жиі айтады.

Бүгін ол "Осы әдемі күн де туды" деп сурет жариялады.

Артынша тойдан видео жариялап, күйеуін сүйетінін жеткізді.

Бұл жазбаларды көрген желі оқырмандары толассыз пікір жазып, екі жасқа деген тілектерін жарыса жеткізіп жатыр.