​«Шайтанға әскер болмаңдар!»: Айнұр Тұрсынбаева актер Нұрсұлтан Жақсыгенге ақыл айтты

0
1 513

«Мықтылық – әйелді жеңу емес»


​«Шайтанға әскер болмаңдар!»: Айнұр Тұрсынбаева актер Нұрсұлтан Жақсыгенге ақыл айтты

Әйелімен ажырасып, артынша оны ел талқысына салған актер Нұрсұлтан Жақсыгенге айтыскер, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева ақыл айтты.


Бүгінде Нұрсұлтан Жақсыген мен оның бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызының жазбалары әлеуметтік желіге тарап кеткен. Олар екі бөлек кетуіне бір-бірін кінәлап, пост жазуда.


«Шындап келгенде екеуің де ел қызығатын жанұя едіңдер, екеуіңе шайтан білгенін істетіп жатыр. Ақыл айтып отырған жұрттың дымы кетпейді, бала-шағамыз аман, байымыз қасымызда. Қиналып жүрген екеуің, осы екеуіңнің жүректеріңе түскен салмақ ертең 2 балаға түседі. «Нұрсұлтан ұятсыз, Фариза тәрбиесіз, әке-шешесі жаман» деп айтып жатқандар отқа май құйып, рахаттанып отыр. Шындығында сен Фаризадан артық қатын таппайсың, Фариза сенен артық күйеу таппайды! Мынадай тәтті балапандардың қылығын мың қатын тауып бермейді саған!», - деп жазды айтыскер-ақын.


Сонымен қатар өнер иесі актерге әйелінен кешірім сұрап, алдында иіліп баруға кеңес берді.


«Шайтанға әскер болып, Алланы ашуландырмай, барып иіл! Әйелдің тілін табу оңай! Бір алтын тағып, бір гүл апарсаң жайнап шыға келеді. Ерегісіп, елге күлкі болмаңдар! Әлеуметтік желі – қоқыс алаңы. Бұл жерде досыңнан дұшпаңың көп. Отбасының абыройын осы жерге әкеп төгіп жатырсыңдар. Қаптаған сайт шулатып жазып жатыр. Ғаламтор – тарих! Ертең бала-шағаң ер жетіп осы бықсыған әңгімені оқитын болады. Балалардың болашағын талқандап отырсыңдар. Мықтылық деген – әйелді жеңу емес! Мықтының мықтысы ғана отбасын сақтап қалады. Қатын құсап жазба жазып, анау ана жақтан, сен мына жақтан абыройсыз боп отырсыңдар. Попкорн алып ерігіп отырған біз қызық кино көріп отырмыз», – деді Айнұр Тұрсынбаева.


Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген екі балаға төлейтін 126 мың теңгені көпсініп, сотқа алимет соммасын азайту туралы өтініш білдіргенін жазған болатынбыз.