Әнші ұлының атын Ибрагим қойған.
Әнші Абай Бегей ұлды болды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
"Алhамдулилляh! АЛЛАҒА сансыз шүкір. Тағы да әке атандым" деген әнші кейін оқырмандарына алғыс айтып, "Жеңіс күні құтты болсын! Құттықтауларыңызға көөөп көп рахмеет!!! Сідерге де жұғысты болсын! Қазағымның әр бір шағырағында сәбидің үні кетпесін" деп жазды.
Мұны естіген әншінің достары мен тыңдармандары және желі қолданушылары құттықтап, жас сәбиге деген ізгі тілектерін толассыз жаудырып жатыр.
Олар "Бауы берік болсын .Керемет әкесіз .Алдыңғы екі қыз кішкентай еді .Оларда бойжетіп келеді .Бақытты болыңыздар .Жұбайыңызда керемет .Барын біріктіріп ,қамқор болып жұрген мықты әкесіз", "Балапан өмір есігін ашқан күнің құтты болсын Аллаға сансыз шүкір жандарым аналық шын жүрегіммен құттықтаймын дендеріңе саулық отбасыларына амандық тілеймін Аллам тіл көзден сақтасын" деген пікірлер жазуда.