​«Шешеңді таста!»: Анна Данченко неліктен тұрмысқа шықпай жүргенін жайып салды

0
2 532

«Отбасылы еркекпен сөйлеспеймін, тоқал бола алмаймын»


​«Шешеңді таста!»: Анна Данченко неліктен тұрмысқа шықпай жүргенін жайып салды

Белгілі журналист Анна Данченко жеке өміріне қатысты сұрақ қоятын оқырмандарына ағынан жарыла жауап берді. Айтуынша, оған сезімін білдірген жігіттер «Шешеңді таста!» деп шарт қояды екен.


«Менің жеке өмірім көп адамға қызық. Мен тұрмыста емеспін, балам жоқ. Сондықтан болар, көп оқырман соны бетіме басып, «Отырып қалдың! Өзіңе бала туып ал! Байға шық!» деген сөздерді, өз міндеттері деп есептеп, жекеге жиі жазады. Кей кісілер шын көңілмен бақыт тілесе, басқалары әдейі «шымшып, тигізіп» жазатын сияқты. Сонда мен «Күлге аунап туам ба?»


Жоқ, әлде бір жігіт айтқандай «Шешеңді таста, сосын сені алам, менің анамның жағдайын жасайсын»,ал басқасы «сенің көлігің де, жұмысың да, үйің де бар, сенікінде бәріміз тұрамыз» дейді. Қазіргі жігіттердің көбі осындай. Бәрі талап қойғыш, әйтеуір. Жағдайымды жасасын, отбасын кұрам десе, сол отбасын асырай алатындай ақылы, білімі, жұмысы болсын! Еңбекқор болсын! Ал енді анама катысты жаман сөзді бірде бір адамға айтқызбаймын! Ешкім тіл тигізбесін!» - деп ашуланды журналист.


Ол сондай-ақ отбасылы азаматпен араласпайтынын, тоқал болуға мүлдем қарсы екенін жеткізді.



«Бұйырғаны болады, бірақ барлығын қызға жүктеп қоюдың қажеті жоқ. Қыз таңдайды - сөзіне емес, ердің ісіне қарап! Қол көтеретін, көзге шөп салатын, арман-мақсаты, жұмысы жоқ, ата-ананы құрметтемейтін, ауызынан шіріген, боқтық сөз шығатын, мені бағаламайтын, еріншек жігітке тұрмысқа шықпау - ол менің таңдауым! Отбасылы азаматпен сөйлеспеу, тоқал болмау, куйеусіз бала тумау - ол менің таңдауым!


Сөз салып жүрген жігіттер жоқ емес, бар, бірақ мен өзіме қандай адам керек екенін жақсы білемін. Осы уақытқа дейін сатқындықты да көрдім. Жетер! Өмір менікі, кейін ол адаммен тұратын да мен, одан бала туатын да мен. Адам танитын жасқа келдім деп ойлаймын. Мен зат емеспін, ойыншық емеспін! Сезімнен бөлек, ақылға салып таңдаймын болашақ жарымды. Құдай қаласа, жақсы адам жолығады», - деп сөзін түйіндеді Анна Данченко.